Ишая
14 Ехоба Жақыпқа мейірімділік танытады+, Исраилді қайта таңдап алады+. Оларды өз жерлеріне қоныстандырады+, жатжерліктер де оларға қосылып, Жақыптың үйімен бірігеді+. 2 Басқа ұлттар Исраил үйін өз елдеріне қайтып әкеледі де, Ехобаның жерінде оларға қызмет етеді+; осылайша Исраил үйі өзін тұтқынға алғандарды тұтқында ұстайды, өзін жұмысқа салғандарға билік етеді.
3 Ехоба сені азап пен қорқыныштан, құлдықтың ауыр жүгінен арылтқан күні+ 4 сен Бабыл патшасын былай деп мазақ қыласың:
“Өзгелерді жұмысқа салғанның өзі құрып кетті!
Қысымшылықтың соңы келіп жетті+!
6 Қаһарына мініп, халықтарға толассыз дүре соққандардың+,
Ұлттарды аяусыз қудалап, ашумен бағындырғандардың көзін құртты+.
7 Енді бүкіл жер дамыл тапты, тыншыды.
Жұрт шаттана ән салуда+.
8 Аршалар мен Ливан қарағайлары
Саған не болғанын көріп, қуанады.
Олар: —Сен құлағалы бері,
Бізді шауып құлатуға ешкім келмейтін болды,— дейді.
9 Жер астындағы көрдің* өзі сені қарсы алу үшін дүрбелеңге түседі.
Саған бола сұлық жатқан өлілерді,
Жердің барлық қатыгез билеушілерін оятады.
Ұлттардың барлық патшаларын тақтарынан тұрғызады.
10 Олардың бәрі саған тіл қатып:
—Сенің де біз сияқты әлсірегенің бе?!
Біз сияқты болғаның ба?!
Құрттар астыңдағы төсенішің,
Үстіңдегі жамылғың болды,— дейді.
12 Ей, жарық жұлдыз, таң шапағының ұлы,
Сен көктен құладың!
Ұлттарды билеп-төстеген едің+,
Енді шабылып, жерге құладың!
13 Сен өзіңе: —Көкке дейін асқақтаймын+,
Тағымды Құдай жұлдыздарынан да жоғары қоямын+,
Солтүстіктің қиыр шетіндегі
Кездесу тауының үстінде отырамын+.
14 Бұлттардан да жоғары көтерілемін,
Құдай Тағалаға ұқсайтын боламын,— деген едің.
16 Сені көргендер көз алмай қарайды,
Саған көздерін қадап:
—Мынау жерді сілкіндіріп,
Патшалықтарды шайқалтқан адам емес пе+?!
17 Құнарлы жерді құла түзге айналдырып,
Қалаларды тас-талқан еткен+,
Тұтқындарды үйлеріне қайтармаған адам осы емес пе+?!— дейді.
18 Халықтардың барлық патшалары,
Иә, барлық патшалар, құрметпен жерленіп,
Әрқайсысы өз мазарында жатыр.
19 Ал сен қабірге қойылмай,
Қажетсіз өскін сияқты лақтырылып тасталдың.
Семсерден сұлап, тасқа толы шұңқырда жатқан
Өлі денелердің астында қалып,
Тапталған өлексеге ұқсап жатырсың.
Зұлымдардың үрім-бұтағының аты өшеді.
21 Ата-бабаларының күнәсі үшін
Ұлдарының басын алатын орын дайындалсын!
Сонда олар қайта тұрып, жерді жаулап алмайды,
Елге көптеп қалалар салмайды”.
22 “Мен оларға қарсы шығамын”+,— дейді Әскербасы Ехоба.
“Бабылдың атын өшіремін, тамтығын, ұрпағы мен үрім-бұтағын жоқ қыламын!”+— дейді Ехоба.
23 “Мен оны жайралар мекеніне, мибатпаққа айналдырамын. Жойқын сыпыртқымен сыпырып тастаймын!”+— дейді Әскербасы Ехоба.
24 Әскербасы Ехоба ант етіп:
“Нені ниет етсем, сол жүзеге асады,
Қалай шешсем, тап солай болады.
Осылай халқымның мойнындағы мойынтұрықты,
Иығындағы жүкті алып тастаймын+”,— деді.
26 Бұл — бүкіл жерге қарсы қабылданған шешім,
Барлық ұлттарға қарсы созылған Құдайдың қолы.
Оның қолы созулы тұр,
Кім оны кері қайтара алады+?
28 Ахаз өлген жылы+ Құдайдан мынадай ауыр хабар келді:
29 “Філістір елі мен оның халқы,
Өзің соққысын жеп жүрген асатаяқтың сынғанына қуанба.
30 Жарлының тұңғышы тойына ішіп-жеп,
Кедей қауіпсіз жатады.
Ал сенің халқың аштан қырылады,
Аман қалғандары өлім құшады+.
31 Ей, қақпа, зар еңіре! Ей, қала, айғайла!
Ей, Філістір елі, бәріңнің де жігерлерің құм болады!
Себебі солтүстіктен будақтаған түтін келе жатыр,
Олардың ешқайсысы саптан шығып қалмайды”.
32 Ұлттардың хабаршыларына не деу керек?
Оларға “Ехоба Сионның негізін қалады+,
Халқының арасындағы жарлылар содан пана табады” деу керек.