Таңдаулы ән
8 Сен анамның төсін еміп өскен,
Бірге туған бауырымдай болсаң ғой!
Сүйіп алар ем сені далада кезіккенде+,
Сонда мені сөкпес еді ешкім де.
Берер ем дәмдеуіш қосқан шараптан,
Анардың жаңа сығылған шырынынан.
3 Сол қолын төсер еді басыма,
Оң қолымен алар еді құшағына+.
4 Ант етіңдер, уа, Иерусалим қыздары,
Өзі оянбайынша, жүрегімде махаббат отын тұтатпауды+”.
5 “Келе жатқан бұл кім екен айдаладан,
Асылының құшағында?”
“Сені оятып алдым алма ағашының астынан,
Сол жерде анаң қатты толғатқан,
Сол жерде қиналып сені дүниеге әкелген.
6 Мені жүрегіңе мөрдей басшы,
Білегіңе мөрдей таңба етші.
Оның жалыны — лаулаған от, Ехобаның* жалыны+.
Махаббат үшін адам бар байлығын ұсынса да,
Ол жеркеніш тудырып, қабыл алынбас”.
Қарындасымызды айттырып келген күні,
Не істейміз оның игілігі үшін?”
9 “Егер ол дуал болса,
Төбесіне күмістен жиек жасаймыз.
Ал егер есік болса,
Қарағай тақтаймен бекітіп тастаймыз”.
10 “Мен дуалмын,
Қос төсім мұнарадай.
Содан да оның көзінде
Тыныштық тапқан жанмын.
11 Сүлейменнің жүзімдігі болды+ Бағал-Хамонда,
Сеніп тапсырды оны бағбандарға,
Әрқайсысы өнімі үшін төлеу керек болды мың күміс ақша.
12 Менің өз жүзімдігім бар иелігімде.
Мың күміс ақша, уа, Сүлеймен, сіздікі,
Ал екі жүзі өнімін жинаған бағбандардікі”.
14 “Асылым, тезірек келші,
Жүйрік киіктей+,
Жас бұғыдай жетші,
Хош иісті шөбі бар таулардан асып келші”.